"Жарық" тұрғын алабына аялдамалар мен жаңа автобустар керек
Бұл-41 разъезд, "Жарық" тұрғын алабы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша ауданда дала шамдары жоқ, қоғамдық көлік күтуге арналған аялдама да қат. Осы бағытта қатынайтын автобустардың әбден тозығы жеткен. Жиі сынады. Жазда іші ыссы, қыста қақаған суық. Ескірген автобустар жиі сынады, тұрғындар кейде қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. "Жарық" тұрғын алабына аялдамалар қажет. Себебі ол аялдамалар қыстың суығы мен жаздың ыстығында жолаушылар үшін үлкен көмек.41 разъезге жалпы ұзындығы 14 шақырым болатын жерге жарықшамдар орнату жоспарланған. Алайда, жұмыс кешеуілдеп жатыр. Жауапты тұлғалардың айтуыншағ бұған ауа райының қолайсыздығы себеп. Автобус аялдамаларына келсек, биылғы жоспарға сай 38 аялдама орнатылуы тиіс. Орындары дайын. Жауапты мердігер орындарын белгілеп те қойған. Қыстың аяқталуына да азғандай уақыт қалды. Ал көктемде орнатылуы бек мүмкін.Количество показов: 318
Дата создания: 17.02.2024 00:14:15