Жаралы жылдар жаңғырығы
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына бүгін 35 жыл толып отыр. Ұрыстарға елімізден 22 мыңнан астам сарбаз қатысып, 700-ге жуығы оралған жоқ. Олардың ішінде ақтөбеліктер де бар. Бүгін дәстүр бойынша Абай даңғылында орналасқан Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға ардагерлер мен сарбаздар қатысты. Жиналған қауым соғыста мерт болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Ауған соғысына облысымыздан 1722 адам қатысқан. 26 жерлесіміз қаза тауып, 58 жауынгер мүгедек болып оралды. Ал Темір ауданының бұрынғы тұрғыны Мұрат Анапин жайлы әлі мәлімет жоқ. Ол із түссіз жоғалғандар қатарында. Біз бүгін қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым ету және ерліктеріне құрмет көрсету үшін келдік, дейді жиналғандар.
Количество показов: 251
Дата создания: 16.02.2024 01:41:52