Жамбыл көшесінде коммуналдық апат. Бүгін таңертең бұл жерде салқын су құбыры жарылып, айналадағы он шақты үйді су басты. Аулалары суға толған тұрғындарды үйлерінен құтқарушылар көтеріп шығарды. Ал, оқиға орнына кешігіп жеткен "Ақбұлақ" мамандары аумақты күні бойы құрғатты. Құбырдағы апат коммуналдық мекеме қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Оқиға орнына "Ақбұлақ" АҚ-ның президенті бастаған басшылар келді. Кешігіп жеткен арнайы техника аулалардағы суды соруға кірісті. Анықталғандай, Жамбыл және Әйтеке би көшелерінің қиылысында осы ауданға су тарататын ірі құбыр жарылған. Жеті жыл бұрын ауыстырылған құбырдың істен шығуына не себеп болғаны белгісіз.
Мамандар желідегі ақауды бір күннің ішінде қалпына келтіруге уәде берді. Осы оқиғаға байланысты қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Тексеру тобын өз ішінен "Ақбұлақ" мекемесі де жасақтады. Мамандар әр үйді аралап, судан келген зардаптың көлемін анықтады. Келтірілген шығынды коммуналдық мекеме өтейтін болады.
Количество показов: 1479
Дата создания: 02.02.2016 18:48:35
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>