Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды
Енді ҚР тұрғындарының шет елдегі шоттары мен меншігі туралы салық органы хабардар болуы шарт. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңі басталды. Ағымдағы жалдан бизнесмендер, жеке кәсіпкерлер, компания басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруы керек. Декларацияда шет елдегі , яғни ҚР шекарасынан тыс жерлердегі мүлік, тұрғын үй құрылысына үлес,бағалы қағаздар, қаржы құралдары, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар сияқты меншіктер көрсетілуі тиіс.ҚР тыс жерде мүлкінің бар-жоғы туралы ақпаратты жасырған, сондай-ақ ҚР тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасы бар жеке тұлғалар жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. 2024 ж 1 қаңтарынан бастап 10 000 ға жуық тұлға декларация тапсырған. Осы жылдың декларациясын 15- қыркүйекке дейін тапсыру керек. Құжаттарды тұрғылықты жердегі салық бөлімшесіне немесе "электрондық үкімет "порталы, "salyq azamat", Халық, Банк центр кредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Количество показов: 302
Дата создания: 22.02.2024 23:45:45