Жаңа жыл түні облысымыз бойынша 14 сәби дүние есігін ашты
Қала бойынша жаңа жыл мейрамы кезінде алғашқы шақалақ Қарғалы қалалық ауруханасында дүниеге келді. Сәби көп балалы ананың отбасында туылған. Ал, облыстық перенаталдық орталығында 31ші желтоқсаннан 1ші қаңтарға қараған түні 4 сәби туылды. Оның үшеуі ер бала. Біреуі қыз бала. Сәбилердің де, аналарының да жағдайы жақсы, деп отыр дәрігер.Бета буынның алғашты ұрпақтары Байғанин ауданының перзентаханасы мен Қарғалы қалалық аурухансында дүниеге келді. Дүние есігін ашқан нәрестелердің жағдайы жақсы. Ал, Шалқар перзентханасында алып сәби дүниеге келген. 14 нәресте 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында яғни, түнгі 00:00- мен тағы 07:00 ге дейін туылған. Айта кетейік, Бета буынның жаңа ұрпақтары 2025-2040 жыл аралығындағы туылған балалар болмақ. Ана саулығы-дені сау ұлт кепілі. Десек те, перзентіне төнетін қауіптің алдын кез-келген ана ала алады. Осыны естен шығармағаны жөн. Ол үшін біріншіден, әйел жүктілікке дейін денсаулығын күтіп және жақсы тамақтанып, күйзелістен аулақ болуы қажет. Екіншіден, ол әрбір жүктілік кезеңінде медицина қызметкеріне кемінде төрт рет қаралғаны абзал, дейді дәрігерлер.
Количество показов: 99
Дата создания: 06.01.2025 05:35:22