Әйтеке би бойынша 27 елді мекеннің 19 ы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған
Аудан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды, дейді аудан басшысы. Инвестиция 2024 жылдың 9 айында 7945, 2 мың тенге салынды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, нақты көлем индексі 85,0 %. Әйтеке би ауданы бойынша республикалық маңызы бар жол «Самара-Шымкент» тас жолының 134 шақырымы мен «Қарабұтақ және Қостанай бағытындағы А-22 республикалық автомобиль жолының» 234 шақырымы өтеді.Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 183,8 шақырымының жағдайы жақсы. 148,1 шақырымы қанағаттандырарлық болса, 97 шақырымының жағдайы нашар.2024 жылы аудандық маңызы бар 41,3 км жолға орташа жөндеу үшін 6 жобаға 3,8 млрд теңге бөлінді. Сұлукөл ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмыстары болып танылды. «Құмкұдық ауылындағы Жабасақ ауылына қараған айрықтан Қарашатау көшесіне дейінгі кіреберістің автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмыстары болып танылды. Жоба құны -249,502 млн теңге. Аудан бойынша 13 елді мекен газбен қамтылған. Көгілдір отынның игілігін көріп отырған халық саны 15445 адамды құрайды. Бұл жалпы аудан тұрғындарының 75 пайызы ғана. Ауыз су мәселесі де ауданда толығымен шешілмей отыр. Әйтеке би бойынша 27 елді мекеннің 19 ы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Әйтеке би ауданында 574 мүгедек есепте тұр, 100 ге жуығы бала. Биыл 374 мүгедекті көмекші құралдармен қамтамасыз етілмек. Ауданда 30 мектеп, 20 мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен 1 қосымша білім беру ұйымы бар. Ауданда дәрігер тапшылығы бар. Жоғары білімді 38 маман тіркеулі. Қалған 142 сі орташа медициналық қызметкер. Биыл Әйтеке би ауданында 5 сәби шетінеп кеткен.Количество показов: 131
Дата создания: 15.11.2024 05:35:11