1- қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3932 теңге
Елімізде 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері артты. «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға сәйкес, 2025 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болып бекітілді. Былтыр бұл көрсеткіш 3692 теңгені құраған. Биылғы бюджетте ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалды яғни, 85 мың теңге.Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3000 теңгеге артық, дейді мамандар. Ал, облыс бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 34.344 адамды құрайды, оның ішінде мүгедектігіне байланысты 25100, асыраушысынан айрылғандар 9244. Сонымен қатар көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өсіп отыр. Айта кетейік, облысымызда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып келеді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылы Ақтөбе облысында Атаулы Әлеуметтік Көмекті 16 011 адам алған. Жалпы төлем сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың орташа табысынан айқындалатынын хабарлайды.Количество показов: 68
Дата создания: 07.01.2025 06:30:40