Тәртіп сақшылары қан тапсырды
Алдымен 50-ден астам полицейлер өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтатты. Одан соң қан қысымын өлшеп, қандай топқа жататындары белгілі болды. Ал дәрігерлер полицейлерге егер қысым қалыпты болмаса немесе гемоглобин деңгейі төмен болса, сондай-ақ жақында ота жасалған, бір кездері гепатитпен ауырған азаматтарға қан тапсыруға болмайтындығын айтып, түсіндірді. Құқық қорғаушылардың арасында тұрақты донорлар бар. Солардың бірі инспектор Әсем Құрмағамбет.Бүгін қан тапсыру орталығында түске дейін 30 қызметкер қан тапсырса, түстен кейін 50 полиция қызметкері донор болды. Жыл сайынғы үрдіске өз үлесін қосушылар көп. Әдетте қан 2 ай көлемінде сақталады. Облыстық қан орталығы мамандарының айтуынша, қазір қан тапшылығы жоқ.Акцияның мақсаты – жол апатынан зардап шеккендерге қол ұшын созу. Өмірін сақтап қалу. Сондай-ақ, жол көлік оқиғаларына қоғамның назарын аудару. Өйткені, жол қозғалысына салғырт қарайтын жүргізушілер көбеймесе азаяр емес. Қан орталығының мамандары Полиция департаментімен тығыз байланыс орнатқан. Мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп келеді.
Количество показов: 114
Дата создания: 16.11.2024 06:41:41