Бүгін Халықаралық пианистер күні
Кәсіби пианистерді даярлау музыкалық оқу орындары қызметінің ең маңызды бағыты, себебі фортепиано – танымал, әмбебап және әлем бойынша жұртшылықтың сүйіспеншілігіне ие аспап. Сондықтан, 1972 жылы Ақтөбе музыкалық училищесінде фортепиано бөлімі ашылды. Мұнда фортепиано бөлімі ең престижді класс болып саналады.Сонымен қатар бүгін 1-ші республикалық вокалистер байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түпкірінен яғни, Алматы, Астана, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау облыстарынан келген 18 колледж студенті бүгін өз бақтарын сынауда. Байқауға хабарландыруда берілген күннен бастап толассыз өтініштер келіп түсті, дейді ұйымдастырушылар.Аталмыш байқау екі күндің Қатысушылар 1 кезеңде 3 шығарма және 2 кезеңде 2 шығарма орындауы тиіс. Байқаудың талабы қатаң, 2 кезеңге тек қатардан озып шыққандар ғана іріктеліп алынады. 3 ші кезеңнен қазылар алқасының талабынан өткендер жеңімпаз атанып, басты жүлде қорды жеңіп алады. Бас жүлде 1млн теңге. 1, 2және 3ші орын алған жеңімпаздар арасында бөлінетін болады.
Количество показов: 192
Дата создания: 09.11.2024 08:05:49