Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары жылусыз отыр
Қарашаның алғашқы аптасында-ақ күн күрт суытып, ақ боранда салқын үйде тоңып отырған қала тұрғындары да аз емес. Осыдан бір жарым жыл бұрын жаңа пәтерге көшіп келген Зат Мурзалин қария екінші рет қыстап отырмын дейді. Биылғы жылу маусымы басталған кезде үйдің іші салқын болып тұр. Батареямыз жылымай қойды, дейді ақсақал.Күн суытып кетті, үйде бойымыз жылынбай қойды. Пәтер ішінде қалың киініп алып жүретін болдық, дейді зейнеткердің жұбайы. Қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне де барған зейнеткерге ондағылар осы үйге қарасты кондаминиум өкілдері мәселені шешеді деген екен.
Зейнеткер көршілердің де жағдайы осы, үйлері салқын дейді. Ал, Сазды орман алқабындағы 228-ші үйдің кондоминиум төрағасы Қасымхан Бисенов жаңа үйде жылу бойынша мәселе туындап отырған жоқ, деп ақталуда. Кондоминиум төрағасы сөзі дәлелді болу үшін үйдің астыңғы қабатындағы жылу жүйесін де видеоға түсіріп жіберіпті. Бұл жерде жылу қондырғысының толыққанды жұмыс істеп тұрғаны көрініп тұр. Ал зейнеткерлер пәтер ішіндегі жылу батареясының ауасын шығара алмаған. Сондықтан пәтер жылымай тұрған көрінеді.
Количество показов: 243
Дата создания: 09.11.2024 08:03:41