Полицейлер жаңа жыл қарсаңындағы 4 күндік жұмысты қорытындылады
Ақтөбелік полицейлер жаңа жылды тік тұрып қарсы алды. Мереке қарсаңында күшейтілген режимде қызмет етті. Бұл күндері қылмыстың алдын алу бағытында адамдар көп жиналатын орындарда мыңға жуық полицейлер кезекшілікке шықты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Облыс тұрғындары 1 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Оның ішінде 700 астамы ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзу болса, 14 адам рөлге мас күйінде отырған. Жылдың алғашқы күндері 6 жол апаты тіркелді. Одан тоғыз адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты.Сонымен қатар қаламызда есірткі тасымалдаған жігіт туған күнінде ұсталды. Тұтқындау кезінде күдікті 21 жасқа толып жатқан. Полицейлер жігіттен есірткі салынған 24 пакетті тапты. Сараптама оның мефедрон екенін растады. Сонымен қатар ұсталған адам басқа да есірткі заттарын жасырған жерлерін көрсетті. Әуежайда есірткіні жаңа жылдық сыйлық ретінде өткізбек болған әйел ұсталды. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, туған күн иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Количество показов: 91
Дата создания: 06.01.2025 05:32:50