8 қараша – Статистика күні
Статистика қоғамның айнасы. Сандарды сөйлету арқылы ел дамуының негізгі көрсеткішін айқындайтын да осы сала. Сондықтан Ұлттық статистика бюросына артылып отырған жүк ауыр. Сала қызметкерлеріне артылып отырған жауапкершілік те жоғары. Адалдық, нақтылық, дәлдік. Осы принциптерді ұстану шарт. Өйткені қоғамда болып жатырған инфляцияның басты куәгері халық. Жұртты алдай алмайсыз, дейді Шара Қапаш қызы.Елдің статистика басқармасы 1920 жылғы 8 қарашада құрылды. Осы уақыт аралығында көптеген өзгеріс орын алды. Ұйым өзінің ғасырдан астам тарихында жинақталған бірегей мұрасын сақтап, оны жандандырып келеді.Шара Нұрпейісованың бұл ведомоствоға келгеніне 16 жыл. Жұмысқа тұру үшін мемлекеттік қызметші талаптарына сай тест тапсырып, байқаудан өткен. Мамандығым-мақтанышым,деп бөліседі білікті маман. Шара Нұрпейісованың міндеті апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау. Қымбатшылық индексін құрау. Ал баға апта сайын құбылып отырады,дейді маман. Қашанда нақты мәлімет пен шынайы ақпаратқа сүйенетін аталған мамандық иесі жан-жақтылық қасиетімен өзгеден ерекшеленуі тиіс.Статистика мамандығы асқан жауапкершілікпен жасалатын жұмыс. Әрбір жұмысы есеп-қисап пен нақты көрсеткіштен құралған қызметті Шара Нұрпейісова абыроймен атқарып келеді. Журналистердің де көңілін қалдырған емес. Апта сайын құбылып отыратын азық-түлікке монтирорнг жасап, бізбен бөлісіп отыратын да осы маман.
Количество показов: 171
Дата создания: 09.11.2024 08:01:08