Курьерлерге қойылатын талап күшейеді
Соңғы жылдары курьер қызметі халықтың уақытын, тұрмыс-тіршілігін жеңілдеткені сөзсіз. Басқа қалада, тіпті басқа елде тұрып ақ курьер көмегімен жақыныңа сәлемдеме жіберуге болады. Олар қазір сыйлықтарды, гүлдерді, тауарларды және жай ғана электрондық пошта арқылы жіберуге болмайтын басқа да көптеген заттарды жеткізіп отыр.Азық-түліктен уланбаған бірде-бір адам жоқ шығар. Әсіресе, бұл жағдай көбіне дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында орын алады, өйткені кәсіпкер қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы талаптарынының сақталуын қадағаламауы мүмкін. Бұл бактериалды уланудың дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар тез дайындалатын фастфуд тұтынушылары да көп. Қазір үйдей шықпай-ақ, қалаған тағамыңа тапсырыс беру мүмкіндігі зор. Мәселен, ресми мәліметтерге сүйенсек әр отбасы кем дегенде айына бір рет үйіне пицца, тауықтың қанаттарын немесе суши алдырады екен. Елімізде курьерлерге қойылатын талап күшейетін болды. Енді олардың медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар арнайы үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы тиіс. Бұл түрлі аурулардың алдын алу үшін. Ақтөбеліктердің пікірі мынадай. Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тапсырыста көрсетілген орын бойынша тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуге тиіс деген жаңа талапта.Количество показов: 65
Дата создания: 07.01.2025 06:27:52