Жұмыртқа деликатеске айналуда
Жұмыртқа бағасы шарықтап тұр. Әлеуметтік тағамның бұл түрі күнделікті қолданыста. Жергілікті "Рамазан" құс фабрикасының өнімі супермаркет желілері мен дүкен сөрелерінде тез өтіп кетіп жатыр. Кәсіпорын жылына 180 млн жұмыртқа шығарса,оның тек 30 пайызы ғана Ақтөбе нарығына арналған. 70 пайызын кәсіпорын экспорттап отыр.Жергілікті өнімге қашан да сұраныс жоғары, дейді мамандар. Алайда жергілікті кәсіпорындар оны қанағаттандыруға қауқарсыз. Ақтөбелік жұмыртқа көрші Атырау, Ақтау мен Батыс Қазақстан облыстарына да сатылып жатыр. "Рамазан" серіктестігі 1-санаттағы жұмыртқасын 52-54 теңгеден сатады. Қазір маусым, жазда жұмыртқа арзандайды, деп уәде берді кәсіпорын басшысы. Жергілікті өнімнен бөлек Қостанай облысынан келген жұмыртқаның бағасы супермаркет желілерінде 638 теңгеден сатылуда. Ендігі кезек те шетелдік жұмыртқа өнімін сату тоқтатылады. Бұл мақсат ішкі өнімді көтеру үшін қолданылмақ. Жергілікті тұрғындар жұмыртқаны күнде қолданатынболған соң арзандатуын сұруда. "Рамазан" серіктестігі-сыртқы нарыққа шығатын кәсіпорын. Өйткені, мұндағы жұмыртқаның 70 пайызы көрші облыстарға экспортталып отыр. Ақтөбеде құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жоқтың қасы. Себебі бұл салаға субсидия бөлінбейді. Ал құс өсіру ісі қыруар қаржыны талап етеді. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, балапан сатып аламын деушілерге қолдау бар, тек ниеттілер жоқ.
Количество показов: 322
Дата создания: 21.02.2024 01:10:33