Туберкулезден сақтану өз қолыңда
Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күн қарсаңында, М. Оспанов атындағы БҚМУ фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының күніне арналған конференция өтті. Конференция облыстық фтизиопульмонология медицина мекемесінде өтті. Студенттерге туберкулез ауруының алдын-алу прцесстері түсіндірілді.Медицина майталманының айтуынша, туберкулезбен көбіне өзінің денсаулығына қарамайтындар, маскүнемдер мен нашақорлар ауырады. Темекі шегетіндер де бұл шепте. Ал ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Сондықтан ауруды асқындырып алмас үшін, әр адам өзінің денсаулығында өзгерістер байқаса, бірден дәрігерге жүгінуі шарт. Жалпы облыс бойынша былтыр 318 адам туберкулезбен ауырып, тіркелген. Ал биыл, жыл басталғалы құрт ауруы 37 науқастан анықталып отыр. Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар ауаға тарайды. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды.
Количество показов: 334
Дата создания: 29.02.2024 23:38:14