"Телефон жөндеймін деп, ұрлықшы атануым мүмкін".
Редакциямызға ұялы байланыс жөндеу сервисінің қызметкері хабарласты. Айтуынша, тәртіп сақшылары орталыққа келіп, ештеңе түсіндірместен құрылғыларды тәркілеген.Берік Мирмановтың смартфон жөндеумен айналысып жүргеніне 2 жыл. Күніне 5-10 клиент келеді. Экран ауыстыру, динамиктің істен шығуы сынды сұраныстармен. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр, дейді шебер. 24-қаңтар күні қала тұрғыны самсунг А-40 маркалы телефонын әкелген. Қуаттағыш алмайды деген шағымын айтыпты. Қаннен қаперсіз болған шебер, еш ойланбастан телефонның платасын ауыстырып беріпті. Араға 1 апта салып, "Алтын Орда" ауданында орналасқа ұялы байланыс жөндеу сервисіне тәртіп сақшылары келген. Ұрланған телефондарды жөндеп жүрсіз,- деген желеумен витринадағы барлық құрылғыны алып кеткен. Жазығым жоқ,*деп отырған шебер өзіне жала жабылуы мүмкін деп қауіптенеді.
Биыл 1- қаңтардан бастап бизнесті тексеруге салынған 4 жылдық мораторий аяқталды. Екіншіден, полицейлер тергеу мақсатында сервистегі 10 шақты ұялы телефонды тәркілеген. Әр қайсысын жеке тексермек. Ал телефон иелері болса кәсіпкерден заттарын қайтаруды талап етіп отыр. Сервис иесінің полиция департаментінің табалдырығын тоздырып жүргеніне бір апта. Ешкім жөнін айтпайды, деп налиды ол. Істің мәнін білу үшін облыстық полиция департаментіне хабарластық. Ондағылар тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын айтады. Бұл факт мұқият зерттеледі, өзге ақпарат жарияланбайды, деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Количество показов: 266
Дата создания: 05.02.2024 23:25:44