Телефон алаяқтары көбейді.
Телефонмен жасалатын алаяқтықтан сақтанудың жолын әлі де жұрт біле бермейді. Есесіне күн сайын ондаған адам сан соғып қалып жатады. Облыс аумағында 1037 адам телефонмен жасалатын алаяқтардың құрбанына айналған. Бұл әрине құзырлы орындарға шағымданып, дабыл қағып үлгергендері ғана. Алданып қалып, оны жариялай бермейтіндер де аз емес. Мұндай деректерге қарап, алаяқтықтың бұл түрі күрт өсіп кеткенін байқауға болады, дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Қоғамдық кеңес отырысына бүгін банк қызметкерлері, құқық қорғаушылар , тәртіп сақшылары қатысты. Ортақ мәселе телефонмен жасалатын алаяқтардың жолына тосқауыл қою. Кеңес мүшелерінің пікірінше, мәселені шешудің бірден-бір жолы- банк жұмысына өзгеріс енгізу. Олардың ұсынысы бойынша енді банк несие рәсімдеген адамға ақшаны қолма қол табыстауы тиіс. Ақшаны бермес бұрын қаржы орталығының өкілдері несие рәсімдеушінің кім екендігін анықтап алуы керек, дейді кеңес мүшелері. Қазір біреудің атынан несие рәсімдеп жүрген алаяқтар қолданып жүрген әдістер тіпті қаржылық сауаты жоғары адамның өзін алдап кете алады. Олар әдетте өздерін қаржы ұйымындағы қауіпсіздік бөлімінің өкілдері деп таныстарады екен. Клиенттің сеніміне кірген соң, ол адамның есеп шоты мен картасының жасырын кодтарын да сұрап алады. Осылайша күдікті операциялар жүзеге асырылады. Жақында тіпті бір банк клиентінің атынан осындай алаяқтар 9 млн теңге рәсімдеп, ізін жасырып үлгерген. Өкінішке орай тәртіп сақшылары өткен жылы мұндай қылмыс бойынша бірде бір алаяқты қолға түсіре алмаған.Количество показов: 296
Дата создания: 30.01.2024 23:00:04