Тегін дәрі үшін смс хабарлама
№1 қалалық емханада бүгін ұзын - сонар кезек. Тұрғындар ұялы телефондарына SMS - хабарлама келген бойда тегін дәрі алуға келдік, дейді. Тізімге енбеген науқастар да жоқ емес.№1 қалалық емханаға 64 мың халық тіркелген. Оның 11000 - ы есепте тұрған науқастар. Оларға мемлекеттен тегін дәрі - дәрмек беріледі. Ақ халаттылардың айтуынша, SMS - хабарлама жолданған адамдарға дәрілер 3 айға жеткілікті көлемде беріледі.Қазір адамдардың басым көршілігі артериялық қан қысымы және қант диабетімен ауырады. Осыған орай олар мемлекет тарапынан тегін дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Хабарлама былтырғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енгендерге жіберілуде. Мұнда дәрі-дәрмектің берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, смс хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдайды немесе «СК-Фармация» серіктестігінің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.
Количество показов: 349
Дата создания: 01.02.2024 23:03:48