Су тасқынына дайындық басталды
Көктемгі су тасқынына қарсы басты жұмыстардың бірі-қала аумағынан қар шығару. Күннің жылынуымен сел жүріп, су тасқыны болуы мүмкін. Құтқарушылар жылдағы жағдай қайталанбас үшін, дайындыққа кірісті. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқынымен күреске ел болып жұмылсақ нәтиже болады, дейді төтеншеліктер. Әр адам өз ауласы мен үйінің алдынан бастауы керек. Қарды уақытылы тазартып тұру керек. Облысымызда су кету қаупі бар 36 учаске белгіленді. Ал қала бойынша көктемде қаланың, негізінен, Мәскеу, Құрмыш және Сүт зауыты аудандарында еріген қар суы көп жиналады. Сондықтан құтқарушылар осы аталған аудандарда қар шығару жұмыстарын ыждағаттылықпен жалғастыруды айтып отыр. Сазды өзені бойындағы Богословка тасжолы ауданындағы саяжай учаскелері, Садовый тұрғын алабы, Песчанка өзені бойындағы Қарғалы тұрғын алабы, Бейбітшілік көшесі, Елек өзені бойындағы Силикат зауыты, Өрлеу, Кірпішті тұрғын алаптары, индустриалды аймақ, Жіңішке өзені бойындағы Рысқұлов көшесі, СМП-555 жаздық массиві, Жаңақоныс кенті, сондай-ақ Батыс ауданындағы су бұру арналарын тексеру жұмыстары басталды.Количество показов: 346
Дата создания: 02.02.2024 21:18:06