Әскерден қашқан сарбаздар!
Кеңейтілген отырыста көктемгі маусымдағы әскерге қабылдау науқанына дайындық барысы талқыланды. Көктемгі қарбалас-әскерге шақырылғандарды іздеу. Бірнеше жылдан бері полиция іздеуіндегі жасөспірімдер саны көбейіп кеткен. Тепсе темір үзетін сарбаздар әскерден неге қашады?- деген мәселе бұл отырыста талқыға түскен жоқ. Есесіне Отан алдындағы борышын өтеуден қашатындарды жазалау керектігі айтылды. Үш рет шақырту жіберіліп, оның біреуіне де келмеген жастардың мәселесімен полиция айналысуы керек,- деді облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары.Әскерге шақырылғандар саны 2459 адам болса, олардың 1160-ы іздеуде жүргендер. Сондықтан әкімдік өкілі олардың ісімен полиция айналысуы тиіс екендігін айтты. Әскери құрылымдар жұмысы жақсарып, аймақтық қорғаныс қызметі құрылды. Ол жерде 400 ге тарта әскери мамандар жұмыс істейтін болады.
Аудандық Қорғаныс бөлімшелері де сарбаздарды әскерге қабылдауға сақадай сай. Қабылдау комиссиясының құрамындағы білікті дәрігерлер саны жеткілікті. Аудандық жерлердегі дәрігерлік тексеру жұмыстарына қаладан білікті мамандар тартылатын болды. Олар науқандық жұмыс аяқталғанша ауылдық жерлерде уақытша жұмыс істейтін болады. Бірнеше аудандағы Қорғаныс бөлімшелері жаңа ғимараттарға көшкен. Басты мәселе -әскерге барудан жалтарған жасөсірімдерді іздеп табу,- дейді бүгінгі жиналысқа қатысқандар.
Количество показов: 341
Дата создания: 29.02.2024 05:03:45