Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген. Халық қалаулылары Заң жобасында зорлық-зомбылықтан басқа да қатыгездікке , сондай-ақ адамның ар-намысын қорлауға жол бермеу үшін бірқатар нормалар енгізілгенін жеткізді. Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.Сондай-ақ мәжіліс депутаттары отбасы жанжалдарынан туындайтын тәртіп бұзушылықтарға қатысты заңдарға да өзгерістер енгізді. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК ке дейін айыппұл түріндегі жаза не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке қамау жазалары тағайындалады. Адамды өз өзіне қол жұмсауға итермелегендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оларға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.Енді суицидті насихаттағандарға 200АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланы қорқыту немесе кибербуллинг үшін әімшілік жауапкершілік енгізілетін болды.
Количество показов: 290
Дата создания: 21.02.2024 19:18:56