Облыстағы 62 мектеп ағылшын тілінде білім беруге көшеді
Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысындағы 62 мектеп кезең-кезеңімен ағылшын тілінде білім беру жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 11-сессиясында білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова хабарлады. Ақтөбеде бір оқушыны мектепте оқыту үшін бюджеттен 321 мың теңге жұмсалады. Балабақшада бір бөбекке жұмсалатын қаржы - 187 мың теңге. Осы және басқа да шығындарды өтеуге биыл облыстық білім басқармасына 80 миллиард теңге бөлінген. Облыста бөбектер жарты күн болатын 233 шағын орталық бар. Оларды қаржыландыру тіимсіз. Сондықтан, білім басқармасының басшылығы алдағы екі жылда шағын орталықтың санын 21 пайызға азайтпақ. 59-ы жабылады. 28-і балабақшаға айналады. Ал, 108 орталық толық жұмыс күніне көшіріледі. 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Салынып біткенде Ырғыз бен Байғанин аудандарында құлаудың аз-ақ алдында тұрған екі мектеп жойылады. Үш ауысымдық 14 білім ордасының мәселесі шешіледі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова бүгін оқулықпен қамту жайын да айтып өтті. Биыл 2, 5 және 7 сыныптардың кітаптары қайта басылады. Оған 1,6 миллиард теңге жұмсалады. Қаражат бар. Шағын жинақты мектептер саны азаюы мүмкін. Облыста оқушысы аз жеті мектепті жауып, 11-ін негізгі немесе бастауыш мектеп санатына ауыстыру жоспарланып отыр. 2020-жылға қарай, Ақтөбеде шағын жинақты 12 мектеп қалады. Бұдан бөлек, бүгін белгілі болғаны - Ырғыз, Қобда және Байғанин аудандарында оқушылар үйі салынып жатыр. Білім басқармасының басшысы депутаттардан Қарғалы және Мәртөкте осындай ғимарат салуға қаражат қарастыруды және Мұғалжар ауданында бос тұрған нысанды оқушылар үйі қылып жарақтап беруді сұрады.
Количество показов: 1827
Дата создания: 30.06.2017 18:51:29
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>