Облыста 610 адам АИТВ жұқтырған
АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндер саны облыс аумағында 610 адамға жеткен. ЖИТС орталығында қауіпті дерттің алдын алу үшін тегін тексерілуге мүмкіндік бар. Ем-дом да тегін, сондықтан әрбір адам өзінің АИТВ статусын білу үшін кем дегенде жылына бір рет қан тапсырып, тексерілуі артық етпейді, дейді дәрігерлер. Қазіргі кезде АИТВ жұқпасы қорғалмаған жыныстық қатынас, инъекциялық есірткі тұтынушылық , ансынан баласына жүктілік кезінде жұғу сияқты жолдармен таралады. АИТВ жұқпасының белгілері бірден біліне бермейді. Көптеген науқастар өз ауруы туралы білмей, дертті асқындырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан дәрігерлер ең алдымен таралу жолдарының алдын алу үшін әрбір тұрғын тегін сараптамадан өтіп тұру керектігін айтып отыр. Соңғы кездері дәрігерлер тарапынан АИТВ жұқпасының қауіптілігі туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жеткілікті жүргізіліп отыр. Соған қарамастан АИТВ жұқпасына шалдыққандар 20-39 жас аралығындағы жастар.Количество показов: 269
Дата создания: 14.02.2024 00:04:05