Оңтүстік-Батыс ауданына су жетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судың қайдан келіп жатқанын, жалпы, Оңтүстік-Батыс ауданындағы жағдайды бақылап, білу үшін коммерциялық компаниялардың бірінен квадрокоптер жалдаған. Жерден 100-150 метр биіктікке көтерілген дронмен Оңтүстік-Батыс ауданында қар суы жиналған шағын көл бар екені анықталды. Қала маңындағы су-тоғандарда қауіп-қатер күшейе бастады. Өйткені күн күрт жылынып, далалықтағы қарлар еріп, ылғал сай-саламен өзендерге қосылып жатыр. Елек өзені бойында орналасқан саяжай, бау-бақша ұжымдары тұрғындарының абай болғаны абзал. Өйткені кешеден бері Ақтөбе су қоймасына жиналған ылғалдың деңгейін реттеу үшін Елекке секундына 200 текше метр жылдамдықпен су жіберіліп жатыр.
Количество показов: 1846
Дата создания: 13.04.2017 18:12:29