Мектептерде жағдай тұрақты.
Жұма күні облыс бойынша 50 мыңнан астам оқушы сабаққа бармай қалды. Ал, қазір жағдай тұрақталды. Қала мектептеріндегі оқушылардың 95 пайызы сабаққа қатысқан. Мектепке келмей қалған оқушылар денсаулығына байланысты уақытша сабақтан қалған, дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада белгісіз біреулер білім ордаларында жаппай теракт ұйымдастырамыз,-деп мәлімдеме таратқан болатын. Бұл жалған ақпаратқа үрейленген ата-аналар балаларын мектепке жібермей тастады. Полиция бұл дерек бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тартқандарға қатысты тергеп тексеруді бастап кетті. Кейіннен ақпаратты таратқан адам да анықталды. Қаладағы 80 нен астам мектепте 105 мың бала білім алып жатыр. Ваццаптағы ата -аналар чаттарына уақтылы ақпарат беріліп тұрады. Мектептерде де қауіпсіздік шаралары қолға алынып, балалар бақылауда болады, дейді білім бөлімінің басшысы.Количество показов: 252
Дата создания: 29.01.2024 21:26:26