Мүгедек жандарға арналған әлеуметтік жоба қаражаты қайда кетті?
"Тең қоғам" әлеуметтік жобасы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ, мұндағы ата-аналар жаңа жылдан бері орталықтың жұмысы тоқтап қалды, мұнда келсек, ақша бөлінген жоқ, дейді. Балалар үйге сыймай отыр, деп шағымдануда ата -аналар.Өткен жылы "Тең қоғам" әлеуметтік жобасына 21 млн теңге бөлінген. Қаражат 200 ден астам балаға бірнеше үйірме ұйымдастыруға жұмсалған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолөнер, домбыра , көркемсурет өзге де үйірмелер жұмыс істеп тұрған. 2024 жылға әлі ақша аударылмай жатыр, оның себептерін де нақты біле алмай отырмыз дейді жоба үйлестірушілері. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары жоба наурыздан бастап, қайта жұмыс істей бастайды деп отыр. Биыл бұл жобаға қомақты қаражат бөлініп, қаланың екі ауданында да "Тең қоғам" жобасының бөлімшелері жұмыс істейтін болады. Жоба 18 жастан 50 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасайды.
Количество показов: 253
Дата создания: 16.02.2024 01:38:35