Ломоносов көшесі 2-үйдің тұрғындары мұздай пәтерде отыр
Қыстың көзі қырауда өз пәтерінде бүрсеңдеп отырған ақтөбеліктер бар. Ломоносов көшесінде 6 подъезден тұратын № 2ші үй бар. Ескі панельді үйдің тұрғындары үйіміз суық деген мәселе көтерді. Жылу берді деген аты ғана, радиаторлар қанжылым. Қарты мен баласы бар бірнеше отбасы тоңып отыр.Наурызбай Құсымовтың бұл үйде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Жергілікті билік жылыту маусымы тұрақты режимде өтеді деп сендірді. Әйтсе де, екі айдан бері үйіміз мұздай, дейді тұрғын. Мәселесін айтып "Aqtobe su-energy group" серіктестігіне ле хабарласқан. Ондағылар пәтер иелері кооперативі шешуі тиіс депті. Ал ПИК өз кезегінде монополистерге сілтеген. Наурызбау Құсымовтың зайыбы мүгедек. Жылу қысымы төмен, аурудың үстінен ауру қосамыз, деп налиды ол.
Ал "Aqtobe su-energy group" компаниясы жағдаймен таныс. Әйтсе де мәселені ПИК тұрғындармен бірлесе шешуі тиіс деген пікірде. Көп қабатты үйдің бесінші этажындағы пәтерде радитор бітеліп қалса керек. Содан төменгі қабаттағы пәтерлерге жылу дұрыс тарамай отыр, дейді маман.
Количество показов: 337
Дата создания: 07.02.2024 20:10:06