Әлеуметтік бейімдеу орталығында 50 адам бар
Халық арасында "Бомжатник" аталып кеткен әлеуметтік бейімдеу орталығында адам саны азайған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, жасы келгендер қариялар мен мүгедектер интернатына ауыстырылды. Қазір мұнда 50 адам тұрып жатыр. Арасында мүгедектері де бар. Әрқайсысының тағдыры да әртүрлі. Бірі ішімдікке салынып, барынан айырылса, енді бірі ағайын-туысқа керек болмай, қаңғыбас болып кеткендер. Әлеуметтік бейімдеу орталығын паналап отырған 4 адамның төлқұжаты жоқ. Олар шетел азаматтары. Өз елінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, Ақтөбе жеріне келген. Ресей, Молдова, Башқұртстаннан шетел асып келген. Арасында 80 нен кеткен қария да бар. Қазір көші-қон полициясы олардың жеке басын анықтап, кейін құжат жасауға көмектеспек. Әзір орталық бұл азаматтарға қамқорлық көрсетіп отыр. Әлеуметтік бейімдеу орталығнда жасы келгендерге күнелту үшін зейнетақы қажет. Өйткені, мұнда тұру мерзімі 1 жыл ғана. Барар жері, басар тауы жоқтарды қариялар мен мүгедектер үйіне орналастырар едік, дейді мамандар. Алайда, құжат әзірлеу процесі ұзақ. Шет елге сұраныс та жолданған. Әзір жауап жоқ. Бейімдеу орталығында оларға әлеуметтік қызмет көрсету талабына сай төсек-орын беріліп, жеке гигиена заттарымен, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жеке құжаттары рәсімделіп, медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, зейнетақы мен жәрдемақы алуға, денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындауға көмектеседі. Құжаты түгел, қол-аяғы сау азаматтар болса оларды уақытша немесе тұрақты жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.Количество показов: 321
Дата создания: 19.02.2024 21:24:32