Куәлікте ЖСН болса, СТН мен ӘЖК қажеті жоқ
Елімізде енді салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жек код жазылған құжаттар қажет етілмейді. Осы екі құжаттың қызметін әрбір тұрғынның жеке куәлігіне бекітілген жеке сәйкестендіру нөмірі атқаратын болады. Ұлттық регистр туралы заң жаңа жылдан бастап күшіне енгенімен, толық сақталмай жатқанға ұқсайды. Енді тұрғындар құжаттарды өткізген кезде не болмаса, арнайы салықтарды төлеу барысында тек қана ЖСН нөмірін көрсетсе жеткілікті. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жек кодтың қажеті жоқ. Банктер мен өзге де қаржылық мекемелердің ЖСН-і бар азаматтардан аталған құжаттарды талап етуі негізсіз, дейді көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Қадырбек Аманбаев. Жеке сәйкестендіру нөмірі артық қағазбастылықтан арылу үшін еліміздің әрбір азаматына берілді. Он екі саннан құралған нөмір 1997 жылдың тамыз айынан тұрғындардың жеке куәліктеріне енгізіле бастады. Бүгінгі күнге дейін ақтөбеліктердің 99 пайызы сәйкестендіру нөмірін алып болған. Жаңа туған сәбиге жеке сәйкестендіру нөмірі туу туралы куәлігіне бірден енгізіледі. Бала он алты жасқа толған соң, туу туралы куәлігіндегі он екі орынды сан жеке куәлікке енгізіліп, өмір бойы өзгермейді. Дегенмен, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке коды жазылған құжаттарыңызды керек емес деп, қоқысқа тастауға асықпаңыз. Көші-қон полициясы басқармасының өкілі оларды сандықта сақтай тұруға кеңес берді. |
Количество показов: 2987
Дата создания: 23.01.2013 19:05:33