Ақтөбеде алғаш рет "Сыбаға" ұлттық дәстүрлер фестивалі өтуде
"Сыбаға" фестивалі- ұлттық құндылықтар мен салт- дәстүрлерді қайта жаңғыртатын ауқымды шара болмақ. Шаһарымызда алғаш рет өткізілгелі отыр. Фестиваль 5 күнге созылады деп жоспаланған. Әр күннің өз тақырыбы мен ерекшелігі бар. Мәселен, алғашқы күні "Тағылым" тақырыбында болса, одан кейін "Дәуір дефилесі", "Салбурын", "Береке" мен "Сыбаға" деген атаулармен өтеді. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, бұл фестивальдің халыққа берері мол.Ақын Гүлімай Әбішқызы бұл фестиваль жалғасын табатын дәстүрлі жобаға айналатынына сенімді. Себебі- ұлттық құндылықты дәріптейтін шаралар қоғамда көптеп ұйымдастырылуы тиіс. Бұл-салт дәстүрді тұрақты ұстануға және ұмытпауға, жастардың үнемі жадында болуға көп ықпалын тигізеді.
Конференцияда тарих, мәдениет және ұлттық сана тақырыптарына арналған баяндамалар ұсынылды. "Қазақ мәдениетінің тарихи кеңістігіндегі ұлттық сана", "Қазақ халқының бірлік философиясы", "Ұлттық рухты ұрпақ санасына дарытудағы батырлар жырының әсері", "Қазақ аруы және ұлт бейнесі" сынды баяндамалар оқылды.
Количество показов: 49
Дата создания: 03.12.2024 02:06:30