Ұлттық құндылық-ұлт қазынасы
Ұлттық киім қашан да құнды әрі әдемі. Ал ұлттық құндылықтарымыз бәрінен де қымбат. Ескірген салт-дәстүрімізді жаңғырту бүгінгі күннің талабы. Форумның мақсаты да осы. Түркі әйелдерінің қоғамдағы рөлін айқындау. Өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрді дамытуда нәзік жандылардың атқарып жатқан істері орасан зор, дейді форум қатысушылары.Форумның мақсаты-тәрбиелік компонент - жастарды түркі құндылықтары мен дәстүрлері рухында тәрбиелеу жөніндегі бағдарламалар мен практикаларды дамыту. Түркі әлемінің бірігуі - Қазақстан, Түркия және түркі әлемінің басқа да елдерінен келген әйелдер арасындағы байланыстар, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін тұғырнама құру. Ал ең бастысы-ауыл әйелдерінің қолөнерін бағалау, дамыту. Ауылда өнерлері өрге жүзбей, бірақ қолдарынан бал тамған шеберлер жетерлік. Нәзік жандыларды қолдау.Форум "АMANAT партиясы" қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалы жанындағы Әйелдер қанаты, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен біріге жасалып отыр. Оған 200-ге жуық әйел қатысты. Оның 13 -і Түркия елінен келген қонақтар.Количество показов: 391
Дата создания: 05.10.2024 06:04:59