Доллар өсті
Қараша айындағы әлеуметтік желіде тараған ақпараттар расталып келе жатқандай. Өткен аптада ғана желіде АҚШ долларының бағасы жаңа жылға дейін 600 теңгеге дейін жетеді деген ақпараттар тараған болатын. Ал бүгін қаладағы валюта айырбастау ооындарындағы 1 доллардың бағасы 525 теңгеге жетіп отыр. Сатып алу құны да көтерілген. Ұлттық банктің 2-ші желтоқсанға белгілеген арнайы курсы бойынша 1 доллардың ресми қүұны 511 теңге 22 тиын. Бірақ бүгін қаладағы ақша айырбастау пунктерінде Америка валютасының құны 530 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада ғана доллардың қымбаттауына байланысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сулейменов мәлімдеме жасаған болатын. Бас банкир доллардың өсуін ұлттық валютаның әлсіреуімен байналыстарған еді.Бұнан бұрын Ұлттық банк АҚШ тағы Президент сайлауына байланысты доллар көтерілуі мүмкін екендігін мәлімдеді. Дегенгмен билікке Дональд Трамп келген соң АҚШ валютасының құны артып, кейбір елдердің ақшалары әлсіреп кеткен. Сарапшылар ұлттық валютасы құнсызданған елдердің арасында Қазақстан да бар деп отыр.
Количество показов: 50
Дата создания: 03.12.2024 07:49:47