Ата-аналар конференциясы өтті
«Өскелең жас ұрпақты рухани-адам¬гершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – бұл барлық кезеңде өте өзекті тақырып. Біздің болашағымыз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бүгін қаламыздағы Ілияс Есенберлин атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте ұстаздар мен ата-аналар кездесіп,дәл осы өзекті мәселені қозғады.Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – қоғам мен мектептің ғана емес, әр отбасының да басты міндеті.Қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар халқымыздың тұр¬¬мыс-тіршілігінен, салт-сана¬сынан қалыптасқан санғасырлық тарихы бар құндылықтардың жемісі. Іс шара ұйымдастырушылары да, ұлттық құндылықты балаларға дәріптеу, олардың болашақта салт-дәстүрін ұмытпауға мүмкіндік береді, деген ойда. Конференцияға барлығы қаламыздың 7 мектебі қатысты. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Халқымыздың ұлттық құндылықтары өте көп. Оларды жас ұрпаққа жеткізудегі жұмыстар әлі де жалғасыады, деді ұйымдастырушылар.Количество показов: 14
Дата создания: 30.11.2024 09:30:52