Локомотив көшесінің тұрғындары жаңадан жол салып берген мекеменің жұмысына наразы
Бір аптаның ішінде асфальт жабындысын төсеп тастаған мекеменің жаңа жолын көріп тұрғындар шошып кеттік, дейді. Көше кең, бірақ жол тар. Қарсы бағыттағы екі көлік бір жолға сыймайды. Бұрын көктем , күз айларында шоқалақтар суға толып, бұл жерде көліктер балшыққа батып жататын. Тұрғындар жиналып, бірнеше рет әкімдікке шағымданыпты. 40 жылдан кейін салынған жолдың сыйқы мынау, дейді тұрғындар. Бірақ әкімдіктегілер жол мемлекеттік стандартқа сай жасалды деп отыр. Салынған жолдың екі жағына жоба бойынша жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жоспарланыпты. Бірақ, тұрғындар бізге бір тротуар да жетеді, оның орнына осы жолды кеңейтіп берсе екен дейді. Жолды жаңартқан мердігер компания " АстанаэнергоХаб" ЖШС. Бұл жұмыстар үшін қазынадан 48 млн теңге бөлінген.Количество показов: 291
Дата создания: 04.10.2024 07:02:40