Мектеп оқушылары танымал кәсіпкерлермен кездесті
Пайдалы бизнес және әлемді қалай өзгертеміз! Бүгін мектеп оқушылары өңірдегі танымал тұлғалармен кездесіп, сұхбат құруға мүмкіндік алды. Ворг шоп кезінде нарықта бәсекелестерін басып озған кәсіпкерлер өздерінің іс тәжірбиелерімен бөлісті. Қаржы көзін табу, бизнестің әдіс-тәсілдері, мемлекеттік бағдарламалар ұсынатын жеңілдіктерді пайдалана білу. Бүгін мектеп оқушылары осындай тақырыптар төңірегіндегі ақпаратарға қанық болды. Ұйымдастырушылар Ворг шопқа оқушылардың ата-аналарын да шықарған екен. Болашақта Отбасылық бизнес саласын таңдайтын оқушылар да болуы мүмкін дейді. Бұл жылы өңірдегі су тасқынына байланысты кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз 5 млн теңге грантын ала алмаған. Дегенмен, 2025 жылы бұл бағдарлама қайта іске қосылады.Тіпті келер жылы грант көлемі 100 млн теңгеге дейін жетуі де мүмкін. Гранттар негізінен әлеуметтік жобалалрға беріледі. Оның ішінде "Атамекн" ұлттық палатасы өткізіп жатқан "Бір ауыл-бір өнім" жобасы да бар. Бүгінгі кездесуде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік саясат, орта және шағын бизнес өкілдерін қолдау бағдарламалары тұралы мағлұматтар берілді. сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар қазіргі кезде бизнес саласында алаяқтыр көбейіп кеткенін атап өтті. Олар мемлекеттік гранттарды алуға көмектесемін деп талай кәсіпкерді сан соқтырып үлгерген екен.Количество показов: 14
Дата создания: 30.11.2024 09:27:21