Тұрмыстық улы газдан сақ болыңыз!
Өрт-тілсіз жау. Өрт қас-қағым сәтте басталып, ілезде жалындап үлкен аумақты шарпуы мүмкін. Тұрғын үйлердегі өртке көбіне тұрғындардың өзі кінәлі. Қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарайды. Жылыту маусымына білекті сыбана кірісу керек. Үйдегі жылыту құрылғыларын, пештерді тексертіп тұру шарт. Биыл тұрмыстық газ жарылысынан 15 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан. Қайғылы жағдай газ баллондары мен газ жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан болады. Біздің облыста әртүрлі конструкциялы газ аспаптарымен жылытылатын тұрғын үйлер бар, осыған байланысты өрттің алдын алу мақсатында газ аспаптары мен баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын аса ұқыптылықпен ұстанған жөн,-дейді төтеншеліктер.Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау керек. Электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын қадағалау, бір желіге бірнеше аспаптарды қосуға жол бермеу және оларды жарамды күйде ұстау маңызды. Киімді кептіру үшін жылытқыштарды пайдаланбау, үйден шығып бара жатқанда барлық газ және электр жабдықтарын өшіру, газда тұрған тағамды бақылаусыз қалдыруға, төсекте темекі шегуге, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастауға болмайды. Тағы бір ескеретін жайт-балаларды үйде жалғыз қалдырмау.Количество показов: 364
Дата создания: 04.10.2024 06:58:48