Тұмаудан сақ болыңыз!
Тұмау-бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін. Сондықтан, ауруды асқындырмай дереу дәрігерге барыңыз. Өздігінен емделу қауіпті. Ақ халаттылар ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге кеңес береді. Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі- иммун жүйесін жыл бойы бабында ұстау. Спортпен айналысу, кісі көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу, уақытылы тынығып, құнарлы тамақ ішу. Тағы бір негізгі медициналық әдіс -бұл вакцина. Аурудың нағыз өршитін уақыты күз, қыс пен көктем айларына келеді. Сондықтан, осы жарты жылдықта денсаулыққа ерекше күтім қажет. Екпе аурудан сақтайды, ауырғанның өзінде жеңіл түрде өтеді,-дейді мамандар. Бүгін теле арнамыздың қызметкерлері вакцинациядан өтті. Әрине, әр адамның қалауы бойынша. Екпеден бас тартқандары да жоқ емес. Гигиеналық ережелерді сақтау, науқас адамдардан аулақ жүру, медициналық маска тағу, отбасы мүшелері ауырған кезде тазалыққа көңіл бөлу, бөлмені жиі желдету аурудың пайда болу мүмкіндігін азайтады.Количество показов: 526
Дата создания: 04.10.2024 07:05:30