Қазақстанда мопедті тіркеу міндеттеледі
Елімізде мопед пен скутер тізгіндеген жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол апаттары жиілеген. Оның ішінде жасы кәмелетке толмағандардың өмірімен қош айтысуына да көліктің осы түрі себепкер. Мопед-қауіпті транспорт. Әйтсе де, екі дөңгелекті көліктер саны артпаса, азаяр емес. Қала ішінде көліктердің арасынан арпалыса өтіп, тапсырысты жеткізуге асыққан, мопед жүргізушілерін көп көретін болдық. Жүйіткіген қос дөңгелектегілерге қатысты сан алуан пікір айтылып жүр. Көше қозғалысына енді ғана араласа бастаған бұл көлік түріне сұраныс артқан. Заң аясында белгілі ережелер мен шектеулер де бар.Ақтөбеліктердің дені балаларға мұндай көлік мінгізу дұрыс емес, деген пікірде. Себебі, ірі автомобильдермен қабаттаса жүйіткіп жүретін мопедистердің дені жасөспірім. Енді мопедшілер жүргізуші куәлігін алуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды. "Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қозғалтқыш көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және оның ең жоғарғы конструкторлық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркеледі",- деді сенатор Евгений Больгерт сенат отырысында. Сондай-ақ мопедті басқару құқығы "А1" кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал "А" және "В" санаттарының болуы мопедті басқару құқығын растауды талап етеді деген норма қарастырылып жатыр.Количество показов: 584
Дата создания: 05.10.2024 06:02:17