Қысқы доңғалаққа дау жоқ!
Қала жолдары ақ қар жамылмаса да, автожүргізушілердің көпшілігі қысқы дөңгелектерін қарашаның алғашқы қарында ауыстырып үлгерді. Әйтсе де, қар жоқ, деген желеумен дөңгелектерін ауыстыруға асықпай жүргендері де жоқ емес.Техникалық регламент бойынша қыстың аяғына дейін автокөлік бүртабан дөңгелек немесе үш шыңы бар тау белгісімен таңбаланған, сондай-ақ "балшық пен қар" белгісі бар дөңгелекпен жүруі керек. Қысқы шина протекторының қалыңдығы кем дегенде 4 мм болуы керек. Бұдан аз болса, дөңгелек қысқы болса да жүргізуші техникалық регламентті бұзған болып саналады. Оның үстіне мұндай дөңгелекпен тайғақ жолда жүру өте қауіпті.
Ереже бұзғандар Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК яғни 18 460 теңге көлемінде айыппұл төлейді әрі жүргізуші дөңгелегін ауыстырғанға дейін полицейлер машинаның нөмірін шешіп алады.
Количество показов: 44
Дата создания: 03.12.2024 02:03:53