Кәсіпкерлер тарифтердің өсуіне қарсы
Электр стансаларына күрделi жөндеу жұмыстарының бiрнеше жылдан берi жүргiзiлмегенiн, су құбырларының ескіргені, осының салдарынан тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алмай отырғанын және басқа да қиындықтарын тiзбектеп, тарифті өсiрудi сұраудан шаршамайтын монополистердің айы оңынан туған секiлдi. Биыл тарифтер 15 пайызға дейiн көтерiлетiнiн Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi ашық айтты. Бұл жаңалық кәсіпкерлерді тығырыққа тіреді. Бүгін осы жағдайға наразы жеке кәсіпкерлер "Ақтөбеэнергоснаб" серіктестігі өкілдерімен кездесті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде инфлияцияның биыл 10 пайызға өсуіне негізгі себептің бірі коммуналдық тарифтердің қымбаттауы түрткі болған. Ал "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Яғни, бұл жоба бойынша әлі 6 жыл бойы коммуналдық тарифтер үздіксіз өседі деген сөз.Кәсіпкерлер мұңын айтып, облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына да барған. Ақтөбеде 700 ге жуық шағын және орта бизнес өкілдері тарифтің өсуіне қарсы. Жалпы өңірімізде 1200-ге жуық шағын кәсіп субъектісі бар. Айта кетейік, коммуналдық қызмет тарифтері былтыр маусым айында, кейін қазан айында тағы көтерілген болатын. Жаңа жылда да жаңа тариф егізіліп отыр. Наразы топ, мұндай өзгеріс бизнесімізге кедергі, деп топшылауда. Онсыз да шығынға батып отырған кәсіпкерлер , тарифтің өсуіне жергілікті биліктен тосқауыл қоюды талап етіп отыр.Количество показов: 367
Дата создания: 17.02.2024 00:10:57