Көршісінің велосипедін ұрлаған ақтөбелік ұсталды
Ақтөбеде велосипед ұрлығы өршіп тұр. Тәртіп сақшылары, сондықтан көліктің бұл түрін қараусыз қалдырмаған жөн, дейді. Егер подъезде бейне бақылау камерасы орнатылған болсағ ұрыны анықтау оңай. Велосипед ұрлығы әдетте маусымдық қылмыс, жазда өршиді. Алайда, қыстың көзі қырауда өзгенің мүлігіне қол сұғушылар да жоқ емес. Мәселен, Ақтөбе тұрғыны іргелес тұрған көршісінің затын ұрлапты. Қымбат велосипед иесіне қайтарылды. Ал көрші ақысын жеген азамат заң алдында жауап бермек. Сондай-ақ, қалада мас болып, рөлге отыратындар азаяр емес. Олар өз басын бәйгеге тіккенімен қоймай, өзгенің де өміріне қауіп төндіруде. Полиция қызметкерлері «Курсанттар шоссесі» тас жолында Ваз автокөлігін тоқтатып, сараптама жүргізген. Нәтижесінде 48 жастағы жүргізушінің алкагольдік ішімдік ішкені анықталды. Ал жүргізуші бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Әйтсе де, заңға қарсы шығып, көлікпен жүйіткіп жүріпті. Жүгенсіз жүргізуші қамауда. Тергеу амалдары жүріп жатыр.Количество показов: 283
Дата создания: 27.02.2024 21:25:40