Күміс университет жобасы бастау алды
50 жастан асқандар үшін ерекше жоба. Зейнет жасындағылар да қатыса алады.Ақтөбеде "Күміс униеврситет" жобасына өтініш қабылдау басталды. Ол жоғары буынға түрлі бағыт бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Курс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында ұйымдастырып жатыр. Оқу тегін.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті "Күміс университеті" жобасы аясында 50-ден асқан ересек адамдарды оқытпақ. Жоба аясында цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, құқықтық сауаттылық, шет тілі, вокалдық ансамбль, дене тәрбиесі, қолөнер бағыттары бойынша білім алуға болады.
Елімізде 2021 жылдан бастап «Күміс университет» жобасы іске асырылып жатыр. Осы уақытқа дейін Қ.Жұбанов атындағы АӨУ 300-ден астам ересек адам білім алған. Дені оқу орнының оқытушылар құрамы. Оқу орны өзге де қала тұрғындарын курсқа қатысуға шақырады. 50 жастан асқан кез-келген адам келіп, өзіне қажетті мамандығы бойынша оқуына болады.
Әзір жобаға 20 адамнан өтініш түскен. Егде жасқа келгендер, зейнеткерлер үшін зор мүмкіндік, дейді ұйымдастырушылар. Курсты Қ.Жұбанов атындағы АӨУ нің профессор, доценттері жүргізеді. Оқу тегін. Тек ең бастысы ынта. Курсқа өтініш 15- ақпанға дейін қабылданбақ. Аталмыш оқу орнының "Инновациялық технологиялар паркі" ғимаратына баруға болады.
Количество показов: 499
Дата создания: 09.02.2024 23:31:00