Газ құбырларын ауыстыру жұмыстары наурыздың соңына дейін жалғаспақ
Қазан айынан бері Сүт зауыты ауданы тұрғындарынан маза кеткен болатын. Естеріңізге сала кетсек, мұндағы тұрғындар көшедегі жол жиегін тұтас қопарып кеткен мекеме жұмысшыларының ісін айтып шағымданып келген еді. Себебі ескі газ құрыларын алмастырмақшы болған "ТурГаз" ЖШС жұмысшылары көшелерді бойлай терең етіп қазып тастап, жұмыстарын тоқтатып тастады. Екі күннен бері газ құбырларын алмастыру жұмыстары қайта жалғасты."КазТрансГаз" АҚ ның ірі жобаларының бірі-қаладағы Сүт зауыты ауданындағы 18 көшенің ескі газ құбырларын жаңарту болатын. Қазан айында басталған жұмыс қаңтар айында тоқтап қалады. Оның себептерін мердігер компания өкілі ауа райының қолайсыздығымен байланыстырады. Қатты аязда уақытша жұмыс тоқтап тұрды. Құжаттарды рәсімдеуге де біршама уақыт кетті. Қазір бұл жұмыстарға 6 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды, дейді Әлішер Көшенов."ТурГаз" ЖШС аудандағы 18 көшенің газ құбырлары наурыз айының соңында толық аяқталады деп отыр. Қазір Сүт зауытындағы Гастелло, Шевченко көшелерінің мұнан 40 жылдай бұрын төселген темір газ құбырлары пластикалық құбырларға алмастырылуда.
Количество показов: 329
Дата создания: 19.02.2024 21:27:19