Елек пен Қарғалы өзендерінің үстімен өтетін қос көпір апатты жағдайда тұр
Бұл Кірпішті ауданындағы жағдай. Тұрғындар көлік түгілі жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиын, деп отыр. Жол шұрық-тесік. Еріген қар суы айналаны телегей теңізге айналдырған. Салдарынан көлік кептелісі орнауда. Жүргізушілер діттеген жеріне жету үшін 2-3 сағат бұрын шығуға тура келеді, деп налиды. Өйткені үнемі кептеліс. Осы маңмен үнемі жүретін ақтөбеліктер өз күшімен бұл жерге қиыршық тас та төсеген. Әйтсе де, нәтиже болмапты. Шұңқырлардың тереңдігі де едәуір болған. Жүргізушілер кептелістің көкесі әлі алда деп отыр. Жергілікті билік өкілдерінен жолды тез арада жөндеуді сұрайды. Мұндай жағдай тек Кірпішті көпірінде ғана емес, былтыр ғана жамалған Заречный көпірі де күрделі жөндеуді қажет етеді. Салынғаннан-ақ құрылыс жұмыстарының шикілігі байқалыпты. Қазір әбден тозып, бетон жабындылардың жігі ажыраған. Саңылаудан жер көрінеді. Техникалық күтім жасалмағандықтан, көпір үстінде шұрық-тесік көбейген.Количество показов: 280
Дата создания: 06.02.2024 23:38:08