Былтыр Ақтөбе кәсіпорындарында 13 адам қаза тапты
Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өткен жылды қорытындылады. Атқарылған жұмыстарының есебін берді. Бұл салада құқық бұзушылық азаяр емес. Жалақыны уақтылы төлемеу, еңбек шарттарының дұрыс рәсімделмеуі, кәсіпорындардағы жарақат пен техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы сынды кемшіліктер бар. Ведомоство былтыр 400 ден астам тексеру жүргізген. Анықталған заң бұзушылық көрсеткіші 583 ді құрайды. Жартысына жуығы олқылықты жойса, қалғандары атқару үстінде. Еңбек заңнамасының сақталмауымен күрестің тиімді жолдарының бірі-түсіндірме жұмыстарын күшейту. Әр жұмысшы өз құқығын білуі тиіс. Еңбек дауларын болдырмау үшін жұмыс берушімен келісімшарт болуы керек. Ал өндіріс орындарындағы қауіпсіздікке басшылары мен әкімшілік жауапты. Өндірістегі жазатайым оқиғалар азаймай отыр. Қаза тапқандар саны да жетіп артылады. Жұмыс барысында жарақат алып, мүгедек болғандары да жоқ емес. Мәселен, былтыр 80 жұмысшы жарақат алып, 13 адам өндіріс орындарында көз жұмған. Еңбек дауына қатысты былтырғы жылдың ең шулы мәселесі "СНПС Ақтөбемұнайгаз" компаниясында болған. Жұмысшылар бас көтеріп, айлықты 100 пайызға өсіруді талап етті. Заң аясында мәселе шешілді, дейді инспекторлар.Количество показов: 289
Дата создания: 29.02.2024 02:47:02