Боранда жолда қалып қойған шетел азаматтары құтқарылды
Қыстың көзі қырауда. Күн райының күрт өзгеруіне байланысты төтенше жағдайларға ден қою үшін құрамында 1 567 адам және 452 бірлік техника бар азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары дайындалған. Қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсету үшін сыйымдылығы 11 мың адамды құрайтын 161 жылыту пункті дайын. Оның ішінде 46 пункт Қобда, Хромтау, Әйтеке би және Ырғыз аудандарындағы Самара-Шымкент тас жолының бойында орналасқан. Сондай-ақ жеті мыңнан астам автотұрақ дайындалды.Өңірімізге нағыз қыстың қаһары енді келді. Бүгін таңертең құтқарушылар 61 шетел азаматын құтқарып, эвакуациялады. Әйтеке би ауданындағы республикалық маңызы бар авто жолының 114 шықырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалған. ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Көпшілігі Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы бар. Ал, күні кеше 82 шетелдік жолаушысы бар тұрып қалған автобустың адамдары жылыту пунктіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда әртүрлі техникалық ақауларымен 30 ауыр жүк автокөлігі және 2 автобус тұр.Алдағы күндері ауа райының нашарлауына байланысты облыс әкімі қар тазалайтын техниканы алдын ала дайындап, төтенше жағдай кезінде бірден жолдарға шығу қажеттігін атап өтті.Қазір жолдарды қардан тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. "Қазавтожол" мекемесінің мәліметінше, бұл жұмыстарға 104 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қосымша 11 көлік жалға алынып отыр. Халықаралық және республикалық маңызға ие 1752 шақырым автомобиль жолына қызмет көрсетілмек. Бұдан бөлек, 101 елді мекенде 246 шақырым қарлы учаскелерде қар ұстауға арналған темір қоршаулар орнатылды. Көлік кептелісінің алдын алу үшін Хромтау мен Қарабұтақ аудандарында ұзындығы 34 шақырым айналма жол салынған.
Количество показов: 333
Дата создания: 24.01.2025 07:01:55