Биыл өңірде 53 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ
Облыста жұмыссыз жүрген жандар көп. Өңірде халықтың әл - ауқатын көтеру және жұмыссызды азайту мақсатында қолға алынған жобалар жақсы көрсеткіш беріп келеді. Мәселен, былтыр екі қолға бір күрек таппай жүрген 56 мыңға жуық тұрғын жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде жастар тәжірибесі арқылы 2000 - нан астам жас жұмыс тапты. Биыл облыста 53 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланап отыр.Облыс тұрғындарын жұмыспен қамтудан бөлек мемлекеттік әлеуметтік көмек те көрсетілді. 22 мыңнан астам аз қамтылған азаматқа 1,9 млрд теңге төленді. 22 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер көрсетілді.Айта кетейік, биыл жоспар бойынша 53 мыңды адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. 28 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. 150 орындыққа шақталған оңалту орталығының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Сондай - ақ аутизм орталығы іске қосылуы керек.Количество показов: 280
Дата создания: 25.01.2024 23:24:25