Бердібек Сапарбаев халыққа көмек көрсетілетінін айтты
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қалабасы Ілияс Испанов бүгін топан судан зардап шеккен Махамбет ауданы тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы жиналғандарға шығындарды есептеп, зардаптың орнын толтыру үшін арнайы комиссия құрылатынын айтты. Халық комиссия мүшелерінің арасына өздерінен 2-3 адамды қосуды сұрады. Алдымен қызыл судан қатты зардап шеккендерге, үйін тікейтуге жағдайы келмейтін кембағал адамдарға көмек көрсетіледі деді Бердібек Сапарбаев. Қос басшыны қаумалаған жұрт бір-біріне дес бермеді. Әрқайсысы өзінің жайын айтып қалып жатыр. Бірінің хәлі бірінен мүшкіл. Бұл жерде кембағал емес адам жоқ. Тұрмысы тәуір болса, Махамбетте бір күн де тұрар ма еді?!
Махамбет ауданының түкпірінде бір аптадан бері су ішінде тұрған үйлер бар. Шаңырағы ортасына түскені қаншама. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіне халықтың көңілі толмай отыр. Махамбет ауданында ешкімнің тұруына рұқсат берілген жоқ дегенмен, әр адамның қолында тұрғызған үйінің заңды құжаты бар. Жұрттың бар үміті билікте. Комиссия құрамына Махамбет ауданының тұрғындары арасынан 2 адам кіргізіледі. Мұндағы адамдардың көбі жер немесе пәтер кезегіне тұрып қойғандар. Кезек күттірмей жер мен пәтерлер берілсе деп отыр жұрт.
Количество показов: 1492
Дата создания: 18.04.2017 18:22:21
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>