Батыс өңіріндегі бірегей университет
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті осыдан 66 жыл бұрын ашылған. Осы уақыт аралығында талай мықтыларды даярлап шығарған бірегей оқу орны. Профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары, ғалымдар түлеп шыққан қара шаңырақ. Қазір мұнда 7200 студент білім алып жатыр. Түлектер кейін резидентуралық оқуға жіберілмек. Дәрігерге сұраныс әркез бар. Бұл мамандық иелері жұмыссыз қалмайтыны анық. Өзге мамандықтардан ерекшелігі-ақ халаттыларға қойылатын талап жоғары. Адам өмірінің арашасы да дәрігер. Тек таңдаған мамандығына салғырт қарамай, білім алу шарт. Оқу орны былтыр бітірген 818 түлек облысымызда қалып, жұмыс істеуде. Өңірде дәрігер маманы тапшы. ресми ақпарат бойынша, 202 медицина қызметкерінің орны бос тұр. Оның 108 і облыс орталығына, 94 і ауылға қажет. Батыс өңіріндегі бірегей медициналық университет Ақтөбедегі жоғары оқу орындары арасында дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Тек соңғы жылдар ішінде екі ірі нысан -көпқабатты жатақхана мен көпсалалы спортзал салынған. Қазір 2700 студент жатақханада жатыр. М.Оспанов атындағы БҚМУ де оқу ақысы жылына 1 млн.250 мың теңге. Былтыр мемлекеттен 207 грант медицина факультетіне, 77 грант педиатрия факультетіне, стоматологияға 12 грант бөлінген.Количество показов: 312
Дата создания: 21.02.2024 01:08:18