Ата-аналардың үрейі басылған жоқ.
Ғаламтор желісінде тараған ақпараттан кейін мектептер күшейтілген режимде күзетіліп жатыр. Мәселен, №1 ші орта мектепте күзетшіден бөлек тәртіп сақшысы тұр. Ал мұғалімдер бала санының аздығына қарамай, жұмысын жалғастыруда. Мектепте 500 бала болса, бірінші аусымда 200 ге жуығы ғана партада отыр, дейді мектеп басшысы. Ақтөбеліктерді бұл ақпарат үрейге салды. Әсіресе перзентіне алаңдаған ата-ананың алаңдаушылығы зор. Ақтөбеліктер, бұл ақпарат фейк болса да, авторын тауып, қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр. Еске сала кетейік, бұған кеше Ақтөбеде белгісіз біреу мектептерде жаппай атыс болатынын Telegram-арнасы арқылы хабарлаған болатын. Ақпаратты ести сала полиция қызметкерлері білім ордаларын бақылауға алды. Мектептерде атыс ұйымдастырамын деген адам табылды. Полиция департаментінің мәліметінше күдікті 18 жастағы көрші елдің азаматы. Бұл оқиға бойынша ҚР қылмыстык кодексінің 273- бабымен іс қозғалды.Количество показов: 269
Дата создания: 27.01.2024 00:02:05